Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтөбе облысында ілеспе газды заңсыз жаққан мұнай компаниясы ірі көлемде айыппұл төледі

AstanaTV
02.03.2015ж. 20:00
1219
Ақтөбе облысында ілеспе газды заңсыз жаққан мұнай компаниясы ірі көлемде айыппұл төледі

Ақтөбе облысында ілеспе газды заңсыз жаққан мұнай компаниясы ірі көлемде айыппұл төледі. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің сот актілерін орындау басқармасының мамандары мәлімдеді.

Басқарманың баспасөз хатшысының айтуынша, экологияға келтірген шығыны үшін, «Сағыз Петролиум» серіктестігі мемлекет қазынасына 134 млн теңге көлемінде кіріс түсірді. Аталған мекеме 2013 жылдың соңғы тоқсанынан бастап, өткен жылдың орта тұсына дейін ауаға зиянды газдарды таратқан. Жер астынан шығатын ілеспе отынды өртеуге олардың рұқсаты болмаған. 

Алиса Аманова, Ақтөбе облысы Әділет департаментінің сот актілерін орындау басқармасының баспасөз хатшысы:

Әділет департаментінің сот орындаушысы «Сағыз Петролиум» мұнай компаниясынан 134 млн теңге өндірген. Сот шешімі 9 ақпан күні түсіп, 16 ақпан күні толығымен орындалған.

Мансұр ЕСҚОЖИН