Ресейге жалға берілген Атырау
облысындағы Тайсойған сынақ полигоны аумағының 90 пайызы Қазақстанға
қайтарылады. Президент сынақ алаңын пайдалану тәртібі туралы келісімге
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл сүйінші
хабарды Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау мұнай және газ
институты ұжымымен кездесуде жеткізді.
Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР
Парламенті Сенатының депутаты:
ҚР Президенті 2015 жылдың ақпан
айының басында 629 ұшу-сынақ алаңына Ресейге жалға берілген Атырау облысы
жерлерінің кординаттарын мақұлдап, оған үкімет атынан қол қоюға ҚР Қорғаныс
министрлігіне өкілеттік берді. ҚР Қорғаныс министрлігі мен РФ Қорғаныс
министрілігі келісілген, Елбасының жарлығымен мақұлданған осы өзгерістерге
құжатты ресімдеп қол қояды. Бұдан кейін Үкімет қаулысымен Парламент қарауына
енгізіледі. Заң болып қабылдануы керек. Мен Қорғаныс министрінің орынбасары
Сапаров Оқаспен сөйлестім, наурыз айында қол қою жоспарланып отыр деді.
Айта кетейік, Тайсойған аумағы
1949 жылдан бастап әскери сынақ алаңына айналды. Мұндағы ядролық сынақтар 1952
жылы басталды. 1966-1977 жылдар аралығында 24 мәрте ядролық қару сынағы
жасалған. Жарылыстың жердегі тереңдігі 500 метрге дейін жеткен. Бұл аумақты ұшу
сынағы ретінде пайдалану Қазақстан және Ресей тараптары 1995 жылы 20 қаңтарда
Мәскеуде келісті. Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, 2000 жылдан бастап
қазіргі уақытқа дейін Тайсойған әскери полигонында қару-жарақ сынағы
жүргізілмеген.
Полигон аумағы 749 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Оның
аумағына Қызылқоға ауданының үштен бірі, Индер ауданының Сарымай, Шағыл, Бұқар
ауылдары және Атырау қаласының Ақжар елді мекені кіреді. Мың жарым адам полигон
аумағында тұрып келеді.
Енді сол аумақтың 600 мың шаршы шақырымы елімізге
қайтарылады. Қос тараптың келісімінен соң 50-ден астам шаруа қожалығы,
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қарасты Уаз, Қоңдыбай кен орындары
мен Матин біріккен кәсіпорнының жұмысына жан бітірмек. Сәрсенбай Еңсегеновтің
айтуынша, ресейлік тарап әу-баста қайтарылатын жердің орнына басқа аумақ бөлуді
сұраған. «Бірақ Қазақстан тарапы ол өтінішті қанағаттандырмады. Қазір қосымша
жер бөлу мәселесі күн тәртібінде жоқ», - деді сенатор Еңсегенов.
Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР
Парламенті Сенатының депутаты:
1991 жылдан бері қарай 23 жыл
болды дүниеге келген балалар өзінің туған баласының куәлігін ала алмайды.
Себебі заңға сәйкес полигонның жері ешкімге берілмеуі тиіс. Осы мәселені мен
депутат ретінде өзім ойыма алған едім. 2011 жылы осы жерге РФ әскерлерін
әкеліп, біздің министріліктің өкілдерін әкеліп, Қызылқоғада үлкен жиналыс
жасадық. Сол жерде картада белгілегенбіз. Жерді қайтару керек деп.
Базаркүл
НӘДІРҚЫЗЫ