$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мұхтар Әбләзовты Ресейге экстрадициялау жөніндегі іс бүгін Францияның кассациялық сотында қаралады

AstanaTV
04.03.2015ж. 10:00
924
Мұхтар Әбләзовты Ресейге экстрадициялау жөніндегі іс бүгін Францияның кассациялық сотында қаралады

Мұхтар Әбләзовты Ресейге экстрадициялау жөніндегі іс бүгін Францияның кассациялық сотында қаралады. Және оны қайтару жөнінде шешім қабылдануы тиіс. Бұл туралы France-Presse агенттігі жазады. Париж соты аталған процесті бірнеше рет кейінге шегерген еді.

Яғни6 қашқын банкирді экстрадициялау күні белгіленбей келген. Әбләзовтың өзі әлі де Францияда қамауда отыр. Еске салайық, Лионның апелляциялық соты өткен күзде қазақстандық банкирді Ресейге беру жөніндегі өтінішті қанағаттандырды.

Алайда, Әбләзовтың қорғаушылары Кассациялық сотқа шағым түсіріп, бұл шешімнің қайта қаралуын талап еткен. БТА-Банктің бұрынғы басшысы 2013 жылы жазда Францияда қолға түсті. Ол ірі қаржылық құйтырқылықтарға барды, - деп айыпталуда.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА