Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Бостонда теракт жасады», - деп айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот отырысы басталады

AstanaTV
04.03.2015ж. 10:00
1244
«Бостонда теракт жасады», - деп айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот отырысы басталады

Ал, Бостонда теракт жасады деп айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша сот отырысы да бүгін басталуы тиіс. Айта өтейік, 26 ақпанға белгіленген отырыс кейінге шегерілген еді. Өйткені алқа билерін таңдау ұзаққа созылған.

«Интерфакстің» хабарлауынша, бүгінде алқа билерін іріктеу аяқталды. Нәтижесінде сотқа 10 ер адам мен 8 әйелден құралған билер қатыспақ. Қылмыстық істі қарау 3-4 айға созылады,-деп жоспарланған.

Еске салайық, Джохар Царнаев ағасы Тамерлан екеуі 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафонында бірнеше теракт ұйымдастырды,- деп айыпталды. Салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 260 адам жараланған.

Тамерлан Царнаев атыс кезінде өлтірілді. Ал Джохар кінәсін мойындамай отыр. Бостондағы жарылыс үшін қазақстандық қос студент Азамат Тәжияқов пен Дияс Қадырбаев та сотқа тартылғаны белгілі. Оларға Царнаев ісіне байланысты айғақтарды жасырды,- деген айып тағылған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА