$451.71 €491.64 ₽5.86
×

85 келі салат жапырағы мен 21 келі қара бүлдіргеннен қауіпті зиянкестер табылды

AstanaTV
04.03.2015ж. 20:00
2239
85 келі салат жапырағы мен 21 келі қара бүлдіргеннен қауіпті зиянкестер табылды

Бүгін Астанада жеуге жарамсыз 85 келі салат жапырағы мен 21 келі қара бүлдірген жойылды, нақтырақ айтсақ - отқа жағылды. Еуропадан жеткізілген көкөніс пен жемістен зиянкес жәндіктер табылыпты. Өнім Нидерландтан импортталған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясы олардың арасынан батыс калифорниялық гүл трипсі деген адам ағзасына аса қауіпті зиянкестерді анықтады. Олар жылыжайларда өсетін өсімдіктер мен көкөніс, жеміс-жидектің жауы. Бірақ ол отандық жылыжайларға таралған жоқ деп сендірді карантинді бақылайтын инспекторлар. Қауіпті өнімдер Астананың халықаралық әуежайында санитарлық бақылау кезінде анықталған. Сондықтан базар сөрелеріне жете қоймаса керек.

Айта кетерлігі, зиянды жәндіктер өткен жылы да тағы сол Нидерландтан келген тауарлардан алты рет анықталған. Үш мәрте голландиялық гүлдерден табылған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах