Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжар өңірінің дихандары егістік науқанына әзірленіп жатыр

AstanaTV
05.03.2015ж. 10:00
1230
Қызылжар өңірінің дихандары егістік науқанына әзірленіп жатыр

Қызылжар өңірінің дихандары егістік науқанына дайындықты бастады. Осыған орай шаруашылық басшылары көктемгі дала жұмыстары мәселесін пысықтады. Жоспарға сәйкес кәсіпкерлер егін егуге сәуірдің аяғына қарай кіріспек.

Себебі, қар осы кезде толық еріп бітеді. Қазір ақ ұлпаның қалыңдығы шамамен 50 сантиметр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, биыл мұнай өңдеу зауыттары, теріскейлік шаруаларды 65 мың тонна арзан сұйық отынмен қамтамасыз етпек.

Дизель отынының бағасы 84 теңгеден аспайды, - деді облыс әкімінің орынбасары. Әзірге жанар-жағармаймен диқандардың 26 пайызы ғана қамтылған. Өзге шаруашылықтарға сұйық отын мамырға дейін жеткізіледі. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4 млн 300 мың гектарға егін егілмек. Оның 75 пайызы дәнді дақылдар.

Руслан Молдабеков, «Қазэкспортастық» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы:

Былтырғы жыл өте күрделі болды. Сондықтан биыл егін егуге ерте қамдану керек. Қазір біздің компания көктемгі дала жұмыстарына 80 пайызға дайын. Жақын арада техникаға қосымша бөлшектер алып, жанармай ақшасын төлесек,егінге сақадай саймыз деп айта аламыз. Әзірге алдымызда туындап отырған ірі проблемалар жоқ.

Абзал ҚҰРМАНКИН