Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

8 наурыз қарсаңында Президенттің атынан өскемендік ардагер аналарға да сыйлық тапсырылады

AstanaTV
06.03.2015ж. 13:00
1611
8 наурыз қарсаңында Президенттің атынан өскемендік ардагер аналарға да сыйлық тапсырылады

Еңбегі мен қызметі ерекше көптеген қыз-келіншектер 8-наурыз қарсаңында мемлекет басшысынан құттықтау алды. Құттықтау жеделхаты мен сый-сияпат Өскемен қаласының тұрғыны Мария Яремчукке де табысталды.

Мария Шарифқызы Болгария, Венгрия, Югославия, Австрия және Чехословакия жерін азат ету ұрыстарына қатысқан. Үнемі алдыңғы шепте жүрген жауынгер қыз Прага жерінде  «Жеңіс» туралы сүйінші хабарды естігенін тебірене  еске алады.

Оқ пен от бораған қанды қырғынның ортасында жүргенде қыз-келіншектер мерекесін тойлауға мүмкіндік болмағаны анық. Бірақ ұрыс арасындағы үзіліс кезінде Халықаралық  әйелдер күніне орай жас радист-қыздарды командирі суретке түсіріпті.

Алақанға сыйып кететін бұл шағын сурет сол кездің жансыз куәсі. Ал Мария Шарифовна кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Мария Яремчук, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Дәл осы мезетте мен басымды бұрып, немістердің келе жатқанын байқап қалдым. Ұрыста тұрыс жоқ, аппаратқа отырып, біздікілерге жаудың келе жатқаны туралы хабарлауға кірістім. Осы суыт хабарды уақтылы алған біздің жауынгерлеріміз немістерді келген жеріне қайта қуып шықты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ