Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда табылған жұмбақ ұйқы ауруы сыртқа тарауы мүмкін

AstanaTV
06.03.2015ж. 13:00
2385
Қазақстанда табылған жұмбақ ұйқы ауруы сыртқа тарауы мүмкін

Қазақстанда табылған жұмбақ ұйқы ауруы сыртқа тарауы мүмкін. Бұл туралы пікірін ресейлік профессор Леонид Рихванов білдірді деп «Newsweek» басылымы жазды. Мақалада: «Калачи ауылындағы жүздеген тұрғын шалдыққан ауру жұқпалы болуы ықтимал. Алайда ол жұмбақ дерттің себеп-салдарын ғалымдар әлі де анықтай алмай отыр», - делінген.

Ал осы аптада Калачи ауылы аумағында аурудың тоғызыншы толқыны басталды. Тұрғындар күн-түн демей, кез-келген уақытта мызғып кетуде. Ұйқыға кеткендердің көбі оянғаннан кейін не болғанын ес
ке түсіре алмайды.

Ал кейбіреулері терең ұйқы кезінде түрлі елестерді көргендіктерін айтуда. Айта кетейік, 2013 жылдың наурызынан бері жұмбақ ауруға шалдығудың 150-ге жуық факті тіркелген. Томск қаласының политехникалық университеті геоэкология және геохимия кафедрасында қызмет ететін Леонид Рихвановтың айтуынша, ұйқы ауруының себебі
: Калачи маңындағы қараусыз қалған уран кенішінен шығатын радон газынан болуы ықтимал. «Радон газы анестезияға қолданылатын затқа ұқсайды»,-деді Рихванов.

Айтуынша, бұл тек болжам ғана. Алайда факт расталып шықса, аурудың тарауы әбден мүмкін
, - дейді ғалым. Қазір Калачи тұрғындарын көшіру жалғасуда.

Жұрағат БАМАН


Алдыңғы жаңалық