Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жоғарғы палата 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады

AstanaTV
06.03.2015ж. 20:00
1050
Жоғарғы палата 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады

Барынша ықшамдалып, 2 жылға оңтайландырылған республикалық бюджет жобасы жоғарғы палатадан да қолдау тапты. Сөйтіп, алдағы екі жылдың есеп-қисабы мұнайдың 2015-2017 жылдары барреліне 50 доллар, ал 2017-2019 жылдары 60 доллар болуы мүмкін деген есеппен құралады. Ал инфляция деңгейі сол бұрынғы 6-8 пайыз аралықта сақталады деп күтіліп отыр. Бұл өткен қарашадағы нақтылаудан 3,3 пайыздық пунктке төмен.

Бұдан бөлек, Ұлттық банктің болжамы бойынша, экспорт көлемі 2015 жылы 44 пайызға, импорт 22 пайызға жуық төмендемек. Ал ЖІӨ өсімі 1,5 пайыз деңгейінде бағаланады. Өндіріс көлемі, өнеркәсіп өнімдерінің экспорты төмендеп, инвестициялардың бәсеңдеуі нәтижесінде көрсетілген қызметтер саласының өсуі биыл 2,2 пайызға дейін қысқарады. Бірқатар саланың ақшасы қиылып, қымқырылса да, бұған дейін айтылғандай, әлеуметтік төлемдер өз деңгейінде қалады.

Айта кетерлігі, бюджет тапшылығы артқандықтан, елдің сыртқы қарызы өскен. Сенат депутаттарының айтуынша, өткен жылы сыртқы қарыз 4,4 трлн теңгені құраса, биыл ол 30 пайызға өскен.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Түсімдер 5 трлн 988 млдр теңгені құрайды немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 770 млд теңгеге төмен. Кірістердің болжамы 3 трлн 220 млрд теңге көлемінде. Немесе бұрынғы бекітілген көрсеткіштен 940 млдр теңгеге төмен.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Осыны негізге ала отырып, 2015 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 41307,6 млрд теңге көлемінде болжануда, бұл 2019 жылға қарай 59869,9 млрд теңгеге дейін ұлғаюмен бірге, қарашада қатысты нақтыланған көрсеткіштен 2413,7 млрд теңгеге төмен. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2015 жылы 12,8 мың АҚШ долларынан 2019 жылы 17,6 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ