$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған 127 үміткер «кандидат» куәлігін алды

AstanaTV
03.02.2016ж. 20:00
1227
«Нұр Отан» партиясынан Мәжіліс депутаттығына ұсынылған 127 үміткер «кандидат» куәлігін алды

«Нұр Отан» партиясы атынан алдағы парламенттік сайлау додасына түсетін үміткерлер тізімі Орталық сайлау комиссиясында тіркеліп, барлық 127 кандидат депутаттықтан үміткер куәлігін алды. Партиялық тізімді тіркеуге Орталық комиссияға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов келді. Оның сөзінше, бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы барлық сайлауалды жұмыстарды жүйелі түрде атқарып отыр.

Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгінгі тіркеу сайлау қорын ашуға, арнайы есепшот ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда осы сайлау науқанына байланысты «Нұр Отан» партиясының арнайы бекітілген жұмыс жоспары Орталық сайлау комиссиясының кестесіне сәйкес уақытылы, толыққанды атқарылып келе жатыр.

Еске салайық, саяси партиялардың тізімдерін тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасып, 20 ақпаннан бастап партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ