Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Зимбабвенің Президенті айына 12 мың доллар айлық алады

AstanaTV
10.03.2015ж. 10:00
1114
Зимбабвенің Президенті айына 12 мың доллар айлық алады

Әлемдегі ең кәрі мемлекет басшысы айына 12 мың доллар айлық алады. Зимбабвенің 91 жастағы көшбасшысы Роберт Мугабе «жалақым 10 мың доллар, оған қоса 2 мың доллар түрлі жәрдемақы ретінде қосылады», - деді. Ол бұл жайлы ел астанасы Хараридегі орталық аурухананы аралау барысында айтқан,- деп хабарлайды КазТаг.

Роберт Мугабе, елдің экономикалық жағдайы қиын кезде, бұл кіріс маған жеткілікті деген. Осыдан 1 жыл бұрын, Президент айына 4 мың доллар айлық алатынын мәлім еткен еді. Өткен жылы Оңтүстік Америкадағы елдердің мемлекеттік ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлері бас көтерген еді.

Олар жалықыларын көбейтуді талап еткен болатын. Сол кезде ақ халаттылардың айлық кірісі 300 долларға жетер жетпес болған.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА