Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Аргентинада 2 тікұшақ соқтығысып қалып, 10 адам қаза болды

AstanaTV
10.03.2015ж. 13:00
832
Аргентинада 2 тікұшақ соқтығысып қалып, 10 адам қаза болды

Аргентинадағы әуе апатынан танымал спортшылар көз жұмды. Соқтығысқан тікұшақтардың бірінде белгілі спортшылар - Францияның ұлттық жүзу құрамасы мүшесі, олимпиада чемпионы Камиль Мюффа, боксшы Алексис Вастен, танымал жүзуші Флоранс Арто болған.

Рейтерс таратқан ақпаратқа сүйенсек, олар күрделі жағдайда аман қалу жолдарын үйрететін фильмге түсіп жатқан. Айта кетейік, Аргентинаның солтүстігінде екі тікұшақ әуеде соқтығысқан болатын.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, апат Аргентинаның Ла-Риоха провинциясындағы таулы ауданда болды. Қос ұшқыш пен сегіз француз азаматы қаза тапты. Апат себептері анықталып жатыр. Синоптиктер ауа райының қолайлы болғанын айтады. Қазір, марқұмдардың денесін тану жұмыстары жүргізілуде.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА