Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Батыс Қазақстанның Ресеймен шекаралас бекеттерінде сергелдең азаяр емес

AstanaTV
10.03.2015ж. 13:00
1086
Батыс Қазақстанның Ресеймен шекаралас бекеттерінде сергелдең азаяр емес

Батыс Қазақстанның Ресеймен шекаралас бекеттерінде сергелдең азаяр емес. Көрші елге өту үшін сағаттап кезегін күткендер қатары азаймай отыр. Бұл мәселе батыс қазақстандық шекарашылармен өткен жиында кеңінен сөз болды.

Рубль құнсызданған соңғы үш айда Ресейге ағылғандар қатары 40 пайызға артқан.
Арзан тауар сатып алуға ұмтылғандардың шекарадан өте алмай, сағаттап тұруы да үйреншікті құбылысқа айналды.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында жеті шекара бекеті бар. Алайда, ондағы қызметкерлер қатары еселеп артқан жолаушыларға уақтылы қызмет көрсетіп үлгірмей жатыр. Шекарашылардың мәліметінше, тек ақпан айында ғана бір тәулік ішінде 131 мың адамның Қазақстаннан Ресейге барып қайту дерегі тіркелді.

Ал өткізу бекеттерінде күн сайын шамамен 1 жарым мыңдай көлік тіркелген.

Қайрат Әбуов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Шекарашылар бар мәселені тозығы жеткен инфрақұрылымға артып қоймай, жеке құрамның жұмысын күшейтуі тиіс. Қазақстан жағындағы инфрақұрылымы жетілдірілген бекеттердің де өткізу қабілеті өте нашар. Осыны ескерткен облыс әкімі орынбасарларына шекараға жеке көліктерімен жиі барып, жағдайды тексеруді тапсырды. Бір аптадан кейін жиналған ақпарат зерделеніп, шара қолданылады.

Еркін КАРИН