Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада қазақ көз аурулары ҒЗИ филиалының жаңа ғимараты ашылды

AstanaTV
12.03.2015ж. 20:00
2658
Астанада қазақ көз аурулары ҒЗИ филиалының жаңа ғимараты ашылды

Астанада қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты филиалының жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты ашылуға Ресей мен Италияның офтальмологтары қатысты.  Институт филиалы 4 жылдан бері Астана тұрғындары мен қалаға жақын 7 аймаққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде - офтальмологиялық қызмет көрсетуде.

Жаңа ғимаратқа көшу арқылы емдеу-диагностикалау қызметтерін кеңейтуге, шел хирургиясы мен көз жанарын түзетуде ең озық технологияларды енгізуге мүмкіндік ашылды. Орталықта 400 млн теңгенің заманауи қондырғылары орнатылды. Енді күрделі офтальмологиялық оталар жасауға мүмкіндік бар.
Филиал құрамына ересектер мен балалар бөлімі, күндізгі стационар, диагностикалық-консультативтік бөлім, лазерлік орталық және оқыту зертханасы кіреді. Айта кетейік, тағы бір филиал биыл Шымкентте ашылады деп жоспарланған. Қазақстанда көз аурулары бойынша 56 мың мүгедек бар.

Тұрсынгүл Ботабекова,  «Көз аурулары ҚҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы:

Жаңа орталықта көру қабілетін арттыру, катарактаның тігіссіз хирургиясы, глаукоманы анықтау мен хирургиясы, қасаң қабақты ауыстыру отасы және балалардың көру ауытқуларының диагностикасы жасалып, емделеді. Біздің әлемдегі мықты деген кез-келген клиникамен тең дәрежеде ота жасауға қауқарымыз жетеді. Заманауи құралдарымыз да, мықты хирургтарымыз да бар.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ