$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Округтік сайлау комиссиялары мәслихат депутаттығына 54 үміткерді тіркеді

AstanaTV
04.02.2016ж. 20:00
1708
Округтік сайлау комиссиялары мәслихат депутаттығына 54 үміткерді тіркеді

Республика бойынша 2865 адам мәслихат сайлауына қатысуға ниет білдірген. Округтік сайлау комиссиялары олардың әзірге 54-ін  тіркеді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді.

Астана және Алматы қалалық маслихаттарының депутаттығына 324 адам үмітті екен. Қалалық мәслихаттарға 526, ал аудандық мәслихаттарға 2015 адам ұсынылды. Кандидаттардың 12-сі саяси партиялардың мүшелері,  1184-і партияда жоқ, ал 1669-ы өздерінің партияға тиесілігін көрсетпеген.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Бұл ұсынылған үміткерлердің басым бөлігін өзін өзі ұсынған адамдар құрайды. Облыстар бойынша айтар болсақ, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кандидаттарды ұсыну белсенді жүргізілуде. Сайлау комиссияларының негізгі міндеті - заңдылықты, яғни сайлау заңнамасына және жалпыға танымал халықаралық қағидаттарға сәйкес әділ және ашық сайлауды өткізуді қамтамасыз ету.

Еске салайық, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарына сайлау 20 наурыз күні өтеді. Сол күні елімізде 3335 сайлау округі жұмыс істейтін болады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА