$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымынан саяси доданы бақылауға 450 байқаушы келеді деп жоспарлануда

AstanaTV
18.03.2015ж. 13:00
1081
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымынан саяси доданы бақылауға 450 байқаушы келеді деп жоспарлануда

Қазақстанда өтетін Президент сайлауына Шанхай Ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясын аталған ұйымның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев бастап келмек. Бұл жөнінде Сыртқы істерминистрлігі арнайы мәлімдеме таратты.

Сондай-ақ ведомствоның хабарламасына сай, Бейжіңде ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестіру кеңесінің отырысы өткен. Жиында Қазақстандағы сайлауға келетін байқаушылар құрамынпысықтау мәселесі қаралды.

Ал Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан саяси доданы бақылауға 450 байқаушы келеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өздерініңресейлік әріптесі Владимир Чуровты да шақырды.

Айта кетейік, президенттікке үміткерлерді кандидат ретінде тіркеу 25 наурызда аяқталады. Ал Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА