Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жолаушылар полиция қызметкерінің рұқсатынсыз-ақ көліктен шыға беруге мүмкіндік алуы ықтимал

AstanaTV
18.03.2015ж. 20:00
1419
Жолаушылар полиция қызметкерінің рұқсатынсыз-ақ көліктен шыға беруге мүмкіндік алуы ықтимал

Алдағы уақытта жолаушылар полиция қызметкері тоқтатқан көліктен оның рұқсатынсыз-ақ шыға беруге мүмкіндік алуы ықтимал. Яғни жолаушының бұл әрекетіне тыйым салынбауы мүмкін. Бүгін Парламент Мәжілісінде осы мәселе талқыланды.

Светлана Бычкова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХКП фракциясының мүшесі:

Бұл норманы қоғам мүшелерінің басым көпшілігі мақұлдамайды. Осы жәйт заң жобасын қайта қарауғаа себеп болды. Аталған норманы заңнан алып тастау ұсынылды. Қаулының жобасы сіздердің қолдарыңызда, қолдауларыңызды сұраймыз.

Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді. Айта кетейік, төменгі палатада «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу  мәселесі қаралған. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова «Жол қозғалысы туралы» заңда қарастырылған «көліктен полицияның рұқсатынсыз шығуға тыйым салу нормасы» қоғам арасында наразылық туғызғанын айтты.

Еске салайық, 2014 жылдың қазанынан бастап, «Жол қозғалысы туралы» жаңа заң күшіне енгені белгілі. Онда полиция тоқтатқан кезде жолаушының көліктен полиция қызметкерінің рұқсатынсыз шығуына тыйым салатын норма бар. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА