Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Ұлттық музейге сый» акциясы басталды

AstanaTV
18.03.2015ж. 20:00
1536
«Ұлттық музейге сый» акциясы басталды

Бүгін Астанада «Ұлттық музейге сый» акциясы басталды. Шараның тұсаукесеріне Премьер - министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. Игі бастаманы қолдағандар қатарында мәдениет, қоғам қайраткерлері мен белгілі спортшылар және көрнекті тұлғалардың ұрпақтары бар.

Акцияға қатысушылар Ұлттық мұражайға белгілі тұлғалар қолданған құнды жәдігерлерді, тарихи артефакттар мен мұраларды тапсырды. Жәдігерлер мұражай қорын толықтыра түспек. Музей мамандарының айтуынша, барлық құндылық заңды түрде жәдігер болып рәсімделеді. Ал жыл соңында акция қорытындысы бойынша жинақталған мұралар арнайы көрмеде жұртшылық назарына ұсынылады.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Осының барлығы біздің болашаққа деген әрқайсымыздың кішкентай болса да үлесіміз болса екен. Ең негізгісі мынау - өсіп келе жатқан ұрпақты өзінің тарихын білуге, өзінің Отанын, ұлтын сүюге әсерін тигізеді деп сенем.

Ерлан Карин, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Жинақта барлық заманға тиесілі, яғни тас дәуірінен бастап қола дәуірі, орта ғасырлық, кейінгі  орта ғасырға тиесілі жебе оқтары бар. Пішіндері де әр түрлі. Яғни қазақтың әскери өмірінің қаншалықты дамығанын көрсетеді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ 


Алдыңғы жаңалық