$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Бүгін жер бетінде күн толық тұтылды

AstanaTV
20.03.2015ж. 20:00
1154
Бүгін жер бетінде күн толық тұтылды

Ерекше құбылысты әсіресе солтүстік жарты шар тұрғындары анық көрді. Бәрінен Фарер аралдары тұрғындарының жолы болды. Еуропа елдері де сирек құбылыстың «шет жағасын» көріп қалды. Мәселен, Рим мен Мадридте Ай Күннің бетін толық жапқанын көру үшін, көшеге жүздеген адам шықты. Бірегей сәтті қызықтағандарға  жергілікті билік арнайы көзілдіріктер таратты.  Мұндай табиғи құбылыс соңғы 11 жылда алғаш тіркелді.

Биыл жер тұрғындары тағы бір күн тұтылысына куә болады. Оны 13 қыркүйекте Оңтүстік Африкада, Мадагаскарда және Антарктидада көруге болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ 

Алдыңғы жаңалық