$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Теракт құрбандары артты

AstanaTV
20.03.2015ж. 13:00
895
Теракт құрбандары артты

Жан түршігерлік терракттан соң, Тунисті жаппай наразылық жайлап кетті. Рейтерс агенттігінің жазуынша, наразылық білдірушілер. «Сіздер туризмді тоқтата алмайсыздар!», «Біз терроризмге қарсымыз!» деп ұрандатуда.

Қарсылық білдірушілер қатарына осы елдегі туристер де қосылған. Соған қарағанда, терракттан соң елде қалған туристер әлі де бар. Наразылық акциялары Италияда да өтуде. Қаза тапқан туристер арасында италиялықтар аз болмаған.

Айта кетейік, террорлық акттан 25 адам қаза тапқаны мәлім. Әлі күнге дейін Тунисте қауіпсіздік шаралары күшейіп, автокөліктер тексерілуде. Тунистің арнайы қызметі шабуыл тасасында
«Аль-Каидамен» үлестес «Окба ибн Нафаа» тобы тұр деген ойда.

Бұл топқа қарсы операция 2012 жылдан бері жүргізілуде. Айта кетерлігі террористер
«Араб көктемінен» кейін сауыға алмаған басқа Араб елдеріне үлгі боларлық Тунисті нысанаға бекер алып отырған жоқ.

Басқа елдерге қарағанда Тунис билігінің дінаралық қақтығыстарды ушықтырмауға күші жетті.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА