Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Наурыз қарсаңында қарағандылық 25 отбасына пәтер берілді

AstanaTV
20.03.2015ж. 20:00
1205
Наурыз қарсаңында қарағандылық 25 отбасына пәтер берілді

Бүгін Қарағандыда 25 отбасы қоныс тойын тойлады. Оларға «Шахтер» шағын ауданындағы жаңа үйден пәтер кілттерін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыстады.

Жаңа пәтерлер Ұлы Отан соғысының 3 ардагері мен балалар үйінің 8 түлегіне берілді. Қалған қоныстанушылар - кезекте тұрған отбасылар. Қоныс тойын тойлаған қарияларға облыс әкімі теледидар, тоңазытқыш пен электр плита сыйға тартты.

Айта кету керек, «Шахтер» шағын ауданындағы көпқабатты бұл үй «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша қалпына келтірілген. Жөндеуге 130 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалыпты. Биыл осындай тағы екі үй тапсырылмақ. Ал облыста баспана кезегінде тұрғандардың саны 30 мыңға жуықтайды.

Иван Дубинин, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Қуанышымда шек жоқ. Пәтермен бірге теледидар,тоңазытқыш та сыйлады. Бәріне ырзамын.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Биылғы жылы 316 мың шаршы метр пәтерді іске қосу жоспарымызда бар. Бұл 2 жарым мың пәтер беген сөз. Яғни жыл соңына дейін осынша жерлесіміздің баспана мәселесі шешіледі.

Айжан ҚУАШ