Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылорда облысының ақсақалдары ұмытылып бара жатқан ләңгі ойынын дәріптеуді қолға алды

AstanaTV
20.03.2015ж. 20:00
925
Қызылорда облысының ақсақалдары ұмытылып бара жатқан ләңгі ойынын дәріптеуді қолға алды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордадағы Белкөл ауылының ақсақалдары ләңгіден шеберлік сабағын берді. Ауылда Наурыз думан басталып кетті. Ең қызығы - ләңгі тебуден қарттар арасында сайыс болды. 

Жігітке лайық екпінмен, сайысқа білек сыбана кіріскен аталар тіпті шапандарын шешіп тастады. Жасы жетпістен асқан Сұлтанмахмұт қария ләңгіні жерге түсірмеуден озып кетті. Жалпы, ата, әке, немере қатысқан бұл сайыста аталар командасы алға шықты. Ақсақалдар енді ләңгі ойынын әрі қарай жастар арасында насихаттауды күшейтпек.

Сұлтанмахмұт Пұрханов, еңбек ардагері:

Ләңгі дегеннің кейінгі кезде аты аталмай кетіп бара жатыр. Бұл негізі физкультура есебінде. Мысалы, баланы атқа мінгізу, ләңгі ойнату, доп тебу деген - бұл спорттың түрі.

Есесіне немерелер асық атудан мергендік танытса, жасөспірімдер гір тасын көтеруден мықтылығын байқатты. Ал әжелер әдетінше тойдың төресі - наурыз-көже әзірледі. Әрқайсысының көже даярлауда өз құпиясы бар. Сондықтан көжелердің дәмі де әр түрлі. Десе де, ең дәмдісі деп қазылар алқасы Маңдайлы әжейдің көжесін таныды.

Маңдайлы Дәулетбаева,  «Ақ бата» әжелер ансамблінің жетекшісі:

Құпиямды айтып берсем, бәрің біліп қоясындар ғой. Сол өзмінің құпиямды, махаббатымды, мейірімімді - соны салып істеймін. Сол себепте менің науырыз-көжем тәтті болады.

Ауыл-ауылда басталып, Астанада жалғасқан Наурыз думан қызықтары туралы тілшілеріміздің репортажын ертең «Біздің уақыт» хабарында тамашалаңыздар.

Шарипа САҚТАПОВА

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық