$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Каспий теңізінде браконьерлер ұсталды

AstanaTV
30.03.2015ж. 13:00
862
Каспий теңізінде браконьерлер ұсталды

Каспийде шетелдік браконьерлер ұсталды. Теңіз шекарашылары бекіре тұқымдас балықтардың ірі партиясын олжалаған төрт браконьерді қолға түсірді. Олар Әзірбайжан азаматтары. Шекара күзетін көрген қарақшылар шағын моторлы қайықпен қашуға әрекеттенген.

Шекарашыларға ескерту ретінде екі мәрте аспанға оқ атуға тура келді. Қашқындар сонда ғана тоқтады. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Оксана Парпура, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі жетекшісі:

Шағын қайықты тексеру кезінде ау салынған 25 қорап пен 240 бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Қолға түскен барлық заттың жалпы салмағы 946 келі. Мәлімет құқық қорғау органдарына жіберілді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ