$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ресей мен Қырғызстаннан келген ірімшік пен сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

AstanaTV
03.04.2015ж. 20:00
1517
Ресей мен Қырғызстаннан келген ірімшік пен сүт өнімдерінен ішек таяқшалары табылды

Қазақстандық эпидемиологтар Ресейде өндірілген ірімшік пен сүт өнімдерінен ішек таяқшаларын тапты.

Бұл туралы тұтынушылар құқығын қорғау комитеті хабарлады. Сүт өнімдерінің 400-ге жуық сынамасы зерттелген. Нәтижесінде 82 сынама бойынша өнімдер жеуге жарамсыз танылды.

Барлығы айналымнан 2 тонна 529 литр сүт өнімі тәркіленді. Қауіпті өнімдер сауда нүктелерімен қоса, қоймалардан да алынды. Ішек таяқшалары Ресей ғана емес, Қырғызстаннан жеткізілген сүт өнімдерінен де шыққан.

Әлиақпар Мәтішев, ҚР ҰЭМ тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы: 

Бұл Ресейдің «Юнимилка», «Даноны», «Вимбильдан» сосын Қырғызстаннан «Бишкек-сүт» деген компанияларының тағамдары. Өнімдер микробиологиялық және ішкі таяқшаларға сәйкес келмейді. Сол себептен бұл ірімшік, сүт өнімдерге тыйым салдық сатуға. Бұл Астана қаласы бойынша, Қызылорда қаласы, сосын Ақмола облысы, Алматы облысы - осы облыстар бойынша.

Айгүл ӘДЕПБАЙ