Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Борышкерлердің ипотекалық қарыздарын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама іске аспауы мүмкін

AstanaTV
06.04.2015ж. 20:00
994
Борышкерлердің ипотекалық қарыздарын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама іске аспауы мүмкін

Борышкерлердің ипотекалық қарыздарын жеңілдетуге бағытталған бағдарлама іске аспауы мүмкін. Елбасы пәрменімен банктердегі ипотекалық несие беру құрылымын жетілдіруге қомақты қаражат бағытталған болатын. Көлемі 130 млрд теңгені игеру үшін, арнайы бағдарлама әзірленген. Алайда екінші деңгейлі банктер салықтық қиындықтарға байланысты бағдарламаны орындаудан бас тартуы мүмкін.

Бұл туралы Алматыда Қазақстан қаржылық қызметін дамытудың ұлттық қорын басқаратын заңгер Михаил Кленчин айтты. Мемлекет қаражаты банктерге түссе, 20 пайыздық корпоративті табыс салығы мен борышкерлер төлейтін 10 пайыздық жеке табыс салығы алынып тасталуы керек. Өйтпеген жағдайда көлемі 30 пайыздық салық банктердің мойнына артылады. Тиісінше қаржы институттары шығынға батады. 

Михаил Кленчин, Қазақстан қаржылық қызметтерді дамыту ұлттық қорының төрағасы:

Қазір банктер борышкерлермен жұмыс істеуге дайын. Мемлекет қаражаты есебінен ипотекалық несие алғандардың қарызын жартылай өтеуге салықтық кодекстегі заң талабы кедергі болады. Онсыз да елдің борышын кешіруге тиіс банктер тағы 30 пайыз салық төлейтін болса, қаржылық қиындықтарға тап болады.

Кленчиннің айтуынша, қаржыгерлер мен Ұлттық банк Салық кодексіне өзгеріс енгізуге рұқсат сұрап, профильдік ведомстволарға хат жолдаған. Бірақ Ұлттық экономика министрлігі ұсынысты қараудан бас тартты, - деді ол.

Еске сала кетейік, несиелеу саласындағы мәселелерді шешуге 130 миллиард теңге бөлу туралы шешім 2015 жылы 11 ақпанда қабылданды. Қазір Қазақстанда ипотекалық борышкерлердің мойнында 580 млрд теңге қарыз бар. Ал жалпы еліміз бойынша проблемалық несиелердің көлемі 1 триллион теңгеге жеткен.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ