$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Тегеран барлық санкциялар алынған жағдайда ғана, ядролық бағдарламасынан бас тартпақ

AstanaTV
10.04.2015ж. 10:00
Тегеран барлық санкциялар алынған жағдайда ғана, ядролық бағдарламасынан бас тартпақ

Ресми Тегеран қол байлаған санкциялар түгел шешілген жағдайда ғана, ядорлық бағдарламасынан бас тартпақ. Иран билігі бұл ультиматумды осы бағдарлама бойынша өзара келіссөздер жасаушы алтылық елдеріне арнады. Бұл жөнінде Иран Ислам мемлекетінің президенті Хасан Роухани телеүндеуінде айтты. Ол өз сөзінде «санкциялық шектеулердің қандайда бір бөлімі қалатын болса, Иран ешқашан құжатқа қол қоймайды» деді.

Өз кезегінде, АҚШ билігі, Иранды барлық экономикалық қысымдардан толықтай  босатпайтынын мәлімдеп отыр. Соңғы жылдары, Құрама Штаттар санкция қою арқылы Ислам республикасын қаржылық құлдырауға түсіріп, шығын рекордтық көрсеткішке жеткен болатын. Өмір сүру деңгейі әбден әлсіреген Иран, тіпті жартылай санкцияларға да келіспек емес. Келіссөздердің келесі кезеңі 30- маусымға жоспарланған. Енді осы даулы мәселе бойынша жақын күндері  Иран, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей және Қытай тараптары тағы да кездесу өткізбек.

Хасан Роухани, Иран президенті:

Біз келіссөздер жүретін күні санкциялар алынбайтын болса, ешқандай құжатқа қол қоймаймыз. Біз ядролық бағдарлама бойынша қатыстатын барлық елдер үшін де, тиімді болатын келісімді қалаймыз. Біздің мақсат - ядролық технологияны игерудегі халқымыздың құқығын қорғап қалу.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ