АҚШ өзінің Таяу Шығыстағы одақтастарын Иран тарапынан туындап жатқан қауіптен
қорғауға уәде берді. Бұл жайында Рейтерс хабарлады. PBS арнасына сұхбат берген
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри, «Құрама Штаттар Иранның Йемендегі
хоусит көтерілісшілерін қолдап отырғанынан хабардар», - деді. Осыған дейін Иран билігі Йемендегі басқыншыларға қарсы жүргізіліп отырған
әскери операцияны құптамайтынын ескертіп, мәселені бейбіт түрде шешуге үндеген
еді. Ізінше, 8-сәуірде Тегеран қарақшылықпен күресті сылтауратып, Йемен
жағалауларына екі әскери кемені жібергені белгілі болды.
Еске салайық, Сауд Арабиясының әуе күштері Бахрейн, Катар, Кувейт және
Біріккен Араб Әмірліктерінің әскери қолдауымен 26-наурызда Йемен
көтерісшілеріне қарсы операция бастады.
Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:
Біз Иранның Йеменге көрсетіп отырған қолдауынан хабардармыз. АҚШ-тың бұл
мәселеде жай сырттан бақылап отырмайтынын Иран білуі тиіс. Біз өз
үстемдігімізді жүргізгіміз келіп отырған жоқ, бірақ Одақтас елдер мен көмекке
мұқтаж мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтап қалудан бас тартпаймыз.
Абзал ҚҰРМАНКИН