Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстанның Белоруссиядағы елшісі: Қазақстан Украинадағы жағдайды реттеу үшін байланыс топтарын қабылдауға дайын

AstanaTV
10.04.2015ж. 10:00
1265
Қазақстанның Белоруссиядағы елшісі: Қазақстан Украинадағы жағдайды реттеу үшін байланыс топтарын қабылдауға дайын

Қазақстан Украинадағы жағдайды реттеу үшін, байланыс топтарын қабылдауға дайын. Қазақстанның Белоруссиядағы елшісі Ерғали Бөлегеновтің сөзіне сүйенген, РИА Новостидің хабарлауынша, бұл келіссөздер Минскде өткізілуі мүмкін.

Бірақ елші кездесудің қай жерде өткендігі аса маңызды еместігін айтты. Оның сөзінше, бұл істе ең бастысы мүдде - ортақ келісімге қол жеткізу ғана. Айта кетелік, 12-ақпанда өткен байланыс тобы басқосуында, тараптар оқ атуды тоқтатып, ауыр қаруларды қолданудан бас тартуға уағдаласқан еді.

Сондай-ақ қауіпсіздік аймағын құру келісілген болатын. Содан бері қарсыластар арасындағы  атыс біраз бәсеңдеді.

Еркін КАРИН