$457.09 €508.42 ₽5.67

Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты

Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған делегация Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты. "Бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу жолындағы бірлік" тақырыбына арналған жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттерінің өкілдері бас қосты. Құрылтай спикері бұл форум өңірлік парламенттік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді. Әрі Орталық Азияның ядролық қарудан азат аймақ мәртебесін сақтаудың маңыздылығын еске салды. Қазақстан тарапы көші-қонды бақылау бағытындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін айтты. Электрондық сауда, кеден жұмысын электронды түрде басқару, инвестиция, көлік және өнеркәсіптік кооперация салаларында заңнамалық тәжірибе алмасу ұсынылды. 

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Бүгінде біз өңірлік, су және экологиялық қауіпсіздік, экономикалық интеграцияны тереңдету мәселелерін талқылап отырмыз. Айтылғандардың барлығы Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Қазіргі сын-қатерлерге тек парламенттеріміздің күш-жігерін біріктіріп, заң шығару жұмысын үйлестіріп, ортақ ұстанымдар қалыптастыру арқылы жауап беруіміз керек деп есептеймін. Парламенттік дипломатия нақты нәтижеге бағытталуға тиіс.