$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Ресей 1,6 млн гектардан астам жерді Қазақстанға қайтаратын болды

AstanaTV
17.04.2015ж. 13:00
1290
Ресей 1,6 млн гектардан астам жерді Қазақстанға қайтаратын болды

Ресей Қазақстан аумағынан жалға алған 1 миллион 600 мың гектардан астам жерді қайтарып бермек. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен Ресейде өткен кездесуде Астана мен Мәскеу тиісті құжатқа қол қойды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабар таратуда.

Айта кетейік, Президент тапсырмасымен Ресейге жалға берілген әскери-сынақ полигондары аумағының бөлігін қайтару туралы келісім-шарт әзірленген болатын.  Осы ретте аталған нысандарды жалға алу және пайдалану тәртібі туралы Қазақстан-Ресей  арасындағы келісім шартқа өзгерістер енгізілді. Ол өз кезегінде полигондар аумағының қысқаруына негіз болды. Бұл шешім Қазақстан тарапының  экономикалық мүдделеріне байланысты қабылданған.

Осылайша, «Тайсойған», «Жаман тау» және «Сарышаған» полигондарындағы жер телімдері халық шаруашылығы игілігіне қайтарылды. Енді бұл аумақтар мұнай-газ секторына, тұрғын-үй құрылысына, темір және көлік жолдарын салуға және басқа қажеттіліктерге пайдаланылатын болады,-делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА