$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Йеменнен тағы да бірнеше отандасымыз шығарылды

AstanaTV
13.04.2015ж. 13:00
917
Йеменнен тағы да бірнеше отандасымыз шығарылды

Йеменнен тағы да бірнеше қазақстандық эвакуацияланды. Бортында 150 жолаушысы бар Ресейдің Ил-62 ұшағы кеше Мәскеу түбіндегі әуежайға қонды. Ұшақ бортында Қазақстаннан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары  бар. РИА Новости хабарлауынша, қақтығыс ошағынан әкетілгендер әуелі медициналық тексерістен өтеді. Құжаттары расталған соң, Ресей Cыртқы істер министрлігінің  эвакуациялау бекетіне жеткізілмек. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай сәуірдің төрті-бесінде Йеменнен Қазақстанның алты азаматы шығарылған еді. Арасында екі бүлдіршін бар.

Еске салайық, Сауд Арабиясының әскери әуе күштері  26-наурызда Йеменнің басым бөлігін өз бақылауына алған хоуситтерге қарсы соғыс ашып, елді әуе соққысы астына алды. Елде қақтығыстар әлі өршіп тұр. БҰҰ есебі бойынша, қақтығыс басталғалы бері Йеменде 300-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бас көтерген хоуситтер президент резиденциясын тонап, мемлекет басшысы Мансур Хадидің басы үшін 100 мың доллар сыйақы тағайындады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА