Алматыда Сән және дизайн колледжіндегі граната жарылысы оқиғасына қатысты
сот процесі басталды. Атышулы іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Бір
шәкірттің өліміне әкелген оқиғаға кінәлі ретінде колледждің екі мұғалімі
жауапқа тартылып отыр.
Еске салсақ,
өткен жылы 17- қарашада Алматыдағы Сән және дизайн колледжінің екінші қабатында
алғашқы әскери даярлық сабағы кезінде граната жарылды. Оқиға салдарынан бір
студент қыз қайтыс болып, 12 шәкірт жарақаттанды.
Дерек бойынша «Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру» және «Қару-жарақты, оқ-дәріні,
жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сақтау» баптарымен қылмыстық іс қозғалған-ды. Күдікті ретінде
оқу орнының әскери даярлық пәнінің екі мұғалімі қамалды.
Жұрағат БАМАН