Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылар саны жыл басынан бері 13 есе өсті

AstanaTV
13.04.2015ж. 13:00
1064
Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылар саны жыл басынан бері 13 есе өсті

Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылар саны жыл басынан бері 13 есе өскен. Былтырғы жылдың алғашқы 3 айында қызылшамен ауырғандар саны 84 адам болса, биыл олар 1121-ге жетті. Мұның негізгі себебі қызылшаға қарсы егудің тоқтатылуы болып отыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осындай хабар таратты.  Жаппай вакцинация жасөспірімдер арасында екпеден кейін жайсыз сезіну оқиғалары жиілеп кеткесін тоқтатылған болатын.

Еске салайық, қызылшаға қарсы егілген жасөспірімдерден  бүгінге дейін 396 өтініш тіркелді. Олар өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. 264 бала ауруханаға жатқызылды. Жағдай әсіресе Маңғыстау облысында ушығып кетті.  Сонымен қатар Атырау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да бірнеше баланың екпеден кейін белгісіз дертке ұшырағаны байқалды. Осыдан соң қызылшаға қарсы иммунизация жүргізу 4 мамырға дейін тоқтатылды. Ал жағдайды зерделеу үшін министрлік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында  медициналық  орталықтардың өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі мамандары да бар.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА