Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Калачи ауылында тағы екі тұрғын «ұйқы ауруына» шалдықты

AstanaTV
13.04.2015ж. 13:00
964
Калачи ауылында тағы екі тұрғын «ұйқы ауруына» шалдықты

Ақмола облысындағы Калачи ауылында тағы екі адам «ұйықтап қалды». Есіл аудандық ауруханасына үш жасар қыз бен бір әйел жеткізілген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарлады. Ал осыдан бірер күн бұрын Калачиден алпысқа жуық  отбасы көрші ауылдарға көшірілді. Жалпы ауылдағы 532 тұрғынның жүз елуі қауіпсіз аймақтарға қоныстанған. Олар көшуге ерікті түрде келіскендер. Жаңа жерге қоныстанғандарға үй-жай тегін берілді. Облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегінше, кейбір отбасыларға жарты миллион теңгеден жәрдемақы үлестірілді. Сонымен қатар қоныстанушыларға жалға ірі қара алуға мүмкіндік жасалды. Мамырда жергілікті билік тағы 90 отбасын көшіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Калачиде 2013-жылдан бері ұйқы ауруы 168 мәрте тіркелген.

Нұрлан Нұркенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

«Осында тұрып жатқан 218 отбасынан бүгінде 60 отбасы көшірілді. Жақын маңдағы ауылдардан тағы 20 үй көшем деушілерді қалбылдауға дайын тұр. Көшкендерге жасалып жатқан жағдайды көріп, соңғы кезде қоныс аударуға ниет білдіргендер саны артып келеді. Жаңа жерде адамдарға жұмыс беріледі. Материалдық көмек беріліп жатыр. Сондай-ақ малға қажетті жем-шөппен, отын-сумен қамтамасыз етілді».

Айгүл ӘДЕПБАЙ