Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі байқаушыларға арналған семинар-тренингтер өтуде

AstanaTV
16.04.2015ж. 13:00
1857
Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі байқаушыларға арналған семинар-тренингтер өтуде

Қазақстанда сайлау учаскелерінде байқаушы болуға ниетті азаматтардың біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер өтіп жатыр. Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның ақпараттық тәлімгері Мақсат Мойтыновтың айтуынша, қоғамдық бірлестіктер атынан сайлауға байқаушы ретінде кәмелетке толған кез-келген азамат тіркеле алады. Алайда олар алдын-ала оқыту курстарынан өтулері тиіс. Бүгінде қоғамдық бірлестіктер атынан сайлау учаскелерінде байқаушы ретінде тіркелгендер саны бес мыңнан асқан. Олардың барлығы арнайы дәрістерге қатысып, байқау барысындағы іс-әрекет, бұзушылықтарды анықтау секілді нұсқаулықтармен танысуда.

«Семинар-тренинг 23-сәуірге дейін жалғаспақ. «Оған дейін өзін-өзі ұсынушы байқаушылар саны он мыңға жуықтайды деп ойлаймыз» - деді Мойтынов. Еске салайық, Қазақстан президентін сайлау 26-сәуірде өтеді.

Мақсат Мойтынов, «ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссия» РҚБ ақпараттық тәлімгері:

26 сәуірде біздің ұйым атынан қатысатын қадағалаушылар немесе байқаушылар дейміз, солардың құқықтары мен міндеттерін оқыту, олардың сол байқау учаскесінде өздерін ұстау, қандай міндеттер болатынын, қандай жағдайларға көңіл аудару керектігін, ол құқық бұзушылықтар орын алса, қалай тіркеу керектігін және де бізге қалай жеткізу керектігін оқытамыз. Осындай семинарлардың арқасында біз сайлау күніне дейін Қазақстан бойынша он мыңға жуық бақылаушыны дайындап шығару мақсатын қойып отырмыз.

Жұрағат БАМАН