Бостондықтар марафон
құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Рейтерстің хабарлауынша,
жергілікті уақытпен 14 сағат 49 минутта мұнда қоңырау үні шықты.
Еске салсақ, тура екі жыл бұрын 15 сәуірде
дәл осы уақытта марафон мәресінде алғашқы жарылыс болды. Лаңкестік әрекеттің
салдарынан үш адам қаза болып, 260-тан
астамы түрлі жарақат алды. Жарылыстарды ағайынды Джохар және Тамерлан
Царнаевтар ұйымдастырғаны анықталды. Ересек Царнаевты полицейлер құрықтау
операциясы кезінде атып тастаған. Ал Джохар сот алдында жауап беруде.
Мемлекеттік айыптаушылар оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды
сұрап отыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА