Мысырдың экс-президенті
Хосни Мүбәрак тірі. Оның адвокаты Фаридд-ад-Диб кешеден бері БАҚ-та тараған
ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол Sputnik агенттігіне мәлімдеген. Оның айтуынша, Мүбарактың өлімі туралы хабар - қаңқу
сөз. Шын мәнінде экс-президенттің дені сау, бұрынғыдай өмір сүріп жатыр.
15-сәуірде ирандық Fars агенттігі өз дереккөзіне сүйеніп, 88 жастағы Хосни
Мүбарак өмірден озды деген ақпарат таратқан. Ол Мысырды 1981 жылдан 2011-жылға
дейін билеген. 2011- жылы елде жаппай төңкеріс болып, ол биліктен тайдырылды.
Ереуілдеген оппозиция өкілдерін қудалағыны үшін, айып тағылып, өмірінің соңына
дейін түрмеге тоғытылған-ды. 2014- жылы бюджет қаражатын талан-тараж етті деген
айып тағылып, тағы 3 жылға сотталды. Былтыр маусымда Мысыр президенті болып
Әбдел-Фаттах әл-Сиси сайланды.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА