Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мексикадағы Вильяэрмос қаласының жарты миллиондай тұрғыны ауыз судан қағылды

AstanaTV
16.04.2015ж. 13:00
1054
Мексикадағы Вильяэрмос қаласының жарты миллиондай тұрғыны ауыз судан қағылды

Мексикадағы Вильяэрмос қаласының жарты миллиондай тұрғыны ауыз судан қағылды. Оған жергілікті өзенге мұнай өнімдерінің құйылуы себеп болған. Pemex компаниясына қарасты мұнай құбырының тесілуінен Грихальва өзені ластанып отыр.  Табаско штатының билігі осы жағдайға орай мектептердің уақытша жабылатынын хабарлады. Өзенді тазалауға үш тәулікке жуық уақыт кетеді.

Осыған ұқсас қиындық АҚШ
-тың Калифорния штатының халқын да алаңдатып отыр. Тұтынатын ауызсу көлемі  25% шектелді. Аймақта су өте тапшы. Ал тиісті мөлшерден артық тұтынған адамға 500 долларға дейін айыппұл салынбақ. Кей деректерге қарағанда Калифорниядағы қатпарлы мұнай мен газ өндіретін компаниялар суды шектен тыс көп шығындайды. Сол себепті тіршілік нәрінің тапшылығы туындап тұр.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА


 

Алдыңғы жаңалық