Қарағанды облысында
топан сумен күрес жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы
ақпараттарына сүйенсек, қазір 620-дан астам тұрғын үй су ортасында қалып отыр.
Құтқарушылар, өзендер мен қоймалардан тасыған судың, және еріген қар суының
молдығы соншалық, кей ауылдарда сорғызудың мүлдем пайдасы болмай тұрғанын
айтады.
Бұқар жырау ауданының Чкалов ауылын су басқалы бірнеше күн өтті. Нұра
өзенімен қиылысатын Самарқанд су қоймасы тасып, топан су ауылды алып кетті.
Тасқыннан төбешіктерде тұрған 18 үй ғана аман қалыпты. 250 адам мен төрт түлік
қауіпсіз жерге көшірілген. Қазірдің өзінде Самарқанд су қоймасынан елді-мекенге
секундына бір жарым мың куб су құйылып жатыр. Тереңдігі адам бойынан асып
кеткен. Соған қарамастан, тұрғындар қайыққа мініп, ұры-қарыдан баспаналарын
кезекпен күзетуде. Жергілікті биліктің айтуынша ауылдың жағдайы әзірге түзеле
қоюы екіталай. Өйткені, Самарқанд су қоймасындағы мұз әлі толық еріп бітпеген.
София Щильцина, Чкалов
ауылының тұрғыны:
Өте аянышты... адамдардың, малдың жағдайын көргенде ішің ашиды. Бүкіл
өміріміз құрдымға кеткендей. Өтемақы бергеннен жарымаспыз. Былтыр көктебеліктер
де көз жасын төгіп қала берді емес.
Мұхтар Ақсартов, Самарқанд елді мекенінің әкімі:
Қазір су өте көп. Ол Самарқанд су қоймасынан келіп
жатыр. Ал Самарқандқа су Нұра өзенінен ағып келеді. Сондықтан, сорғызудан еш
пайда жоқ.
Айжан
ҚУАШ