Төтенше
жағдайлар комитетінің бөлімшелерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек
көрсету мақсатында «қауырт желі» ашылды.Телефон арқылы
тасқын туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Қауырт желі»
бүгінде Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстары бойынша ашылды, - деп
хабарлайдыАпаттық медицина орталығы.
АстанадағыРеспубликалық дағдарыс орталығында 32-32-89 нөмері жұмыс істеп
тұр. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 51-20-04 нөмері іске
қосылған. Және құтқарушылардың Көкшетаудағы штабында 55-14-74 телефоны арқылы
шұғыл ақпарат алуға болады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ