$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Атом мәселесіне қатысты келісім-шарт жүзеге асса, Тегеран бірден 50 млрд долларға баюы мүмкін

AstanaTV
21.04.2015ж. 10:00
1549
  Атом мәселесіне қатысты келісім-шарт жүзеге асса, Тегеран бірден 50 млрд долларға баюы мүмкін

««Иран мен «алтылық» елдері арасындағы келісім-шарт жүзеге асқаннан кейін, Тегеран бірден 50 млрд долларға баюы мүмкін», - деп хабарлайды «Иран телеграф агенттігі». Аталған агентік дерегінше, қазір Иранның мұнайды сатудан тапқан ақшасының біраз бөлігі батыс елдерінің банктерінде сақтаулы тұр. Бірақ Атом мәселесіне байланысты оны алуға тыйым салынған. Егер де Иран халықаралық «алтылықпен» Атом проблемасына байланысты бір ымыраға келсе, онда шетелдегі банк-шоттарында жатқан қаражаттың бір бөлігін, қайтарып алуы мүмкін.

Ал «The Wall Street Journal» басылымы, маңызды келісім-шартқа қол қойылса, Иран бүкіл қаражатына қол жеткізуі ықтимал деп жазыпты. Айта кету керек, олар бұл мәлімдемені таратқан дерекші Ақ үйдің белгілі тұлғалары екенін көрсеткен. Ақпаратты АҚШ Президенті әкімшілігінің өкілдері де жоққа шығармайды. Осыған дейін Тегеран, шетелдік банктердегі оффшорлық шоттарда 100-140 млрд доллардың халықаралық санкциялар кесірінен оқшауландырылғанын хабарлаған болатын. Бүгінде келіссөздердің арқасында Иран 12 млрд долларын қайтарып алды. Соңғы транш, яғни 490 млн доллар, 31 наурызда Жапония банкінен, Иранның Омандағы жеке шотына аударылған.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың екінші сәуірінде Иран мен «алтылық» елдері бір мәмілеге келген еді. Иран өзінің Атом жүйесінің кей тұстарын өзгертуге, ал Еуропалық одақ бірқатар санцияларды шешуге уәде берді. Келісім-шарттың қорытындысы маусымның отызына дейін жария болуы тиіс.

Абзал ҚҰРМАНКИН