Мамырдан бастап, Орал әуежайында ұшақтардың ұшу кестесі өзгереді. Оған
ұшу-қону алаңын қайта жөндеу жұмыстары себеп болған. Бұл туралы Батыс Қазақстан
облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері
айтты. Жөндеу жұмыстары тамызға дейін жүргізілмек.
Нәтижесінде ұшу-қону алаңының ұзындығы мен ені ұлғайтылады. Бұған қоса,
трансформатор стансасы мен метеорологиялық қондырғылар орнатылмақ. Ал күзде
әуежай толықтай жабылады. Былтыр ұшу-қону алаңын жөндеуге бөлінген 6,3 млрд.
теңгенің 3,7 миллиарды жұмсалған. Ал қалған ақша 1-қарашаға дейін игерілмек.
Салынғалы бері 40 жылдан астам уақыт өтсе де, жөнделмеген әуежай қалпына
келтірілгесін, өзге елдермен әуе байланысы
жақсарып, кез-келген ұшақты қабылдауға жағдай жасалмақ.
Қазыбек Меңеев, БҚО Жолаушылар
көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
1-мамырдан бастап самолеттер таңғы 7-9 шейін, кешке 7-ден кешкі 9-ға дейін
ұшады. Сосын 1-қыркүйектен бастап, сол ұшып-қону желісінде жұмыс басталғанда
самолеттер тоқталынады деп отыр ұшулар.
Еркін КАРИН