Қазақстан Республикасы
Президентінің сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын
аккредиттеу аяқталды. Бұл туралы Орталық сайлау
комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді. Айтуынша,
бүгінгі таңда комиссия 858 байқаушыны тіркеген.
Сондай-ақ, еліміздің Сыртқы
істер министрлігінде 37 мемлекеттен 116 байқаушы аккредитациядан өткен. «Жалпы
алғанда, сайлау барысында халықаралық ұйымдар мен шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарынан 1 026
байқаушы саяси науқанды бақыламақ», - деді
Охлопкова.
Айта кетейік, Қазақстан Президентін сайлау алдағы жексенбі, яғни 26
сәуірде, өтеді.
Татьяна
Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Атап айтар болсақ, 293 байқаушы
- Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымынан, 410 байқаушы - ТМД атынан, он байқаушы - Шанхай ынтымақтастық ұйымы
миссиясы мүшелері. Тағы 15 байқаушы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы
кеңесінен, 11 адам Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының мүшелері және
3 қадағалаушы - Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері.
Жұрағат БАМАН