$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Лукойл Иранға қайта келуді көздейді

AstanaTV
22.04.2015ж. 10:00
1519
Лукойл Иранға қайта келуді көздейді

Санкциялар шешілген жағдайда, Лукойл Иранға қайта оралуды көздеп отыр. «РИА Новостидің» хабарлауынша, бұл туралы компания басшылары мәлімдеген. 2007-жылы Иранға қарсы шектеу қойылғанға дейін, Лукойл өкілдері Анаран кенішін ашыпты. Сол кезде ел билігімен осы кенішті игеру жұмыстарын талқылаған. Бірақ екі тарап ортақ мәмілеге келе алмаған. Ақыры санкцияның кесірінен Ресей жағы, Иран нарығынан кетуге мәжбүр болады.

Айтып өтейік, Лукойл компаниясы, 2016-жылдан кейін Иран мен Мексиканың активтерін сатып алуға ниетті. Жуырда ғана компания бұл елдерде өздерінің кеңселерін ашқан еді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Иран мен «алтылық» елдері, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнің негізгі тұстарын талқылады. Осы уағдаластық бойынша, АҚШ пен Еуроодақ  Тегеранға мұнай экспортын шектеуге салған санкциясының күшін жоюы тиіс болатын.

Еркін КАРИН