Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Барак Обама: С-300 кешені АҚШ-қа кедергі емес

AstanaTV
22.04.2015ж. 13:00
969
Барак Обама: С-300 кешені АҚШ-қа кедергі емес

«Ресей-Иранға С-300 зымырандарын берген күннің өзінде біз үшін ешқандай қауіп жоқ»,-деді АҚШ президенті Барак Обама. Рейтерс таратқан ақпаратқа сәйкес Барак Обама зымырандарға байланысты ойын MSNBC арнасына берген сұхбатында айтты. «Ресейдің «С-300 зымырандары бізге кедергі келтірмейді. Егер керек болса біздің әскерилер кез-келген сәтте бұл зымырандарды айналып өтеді. Бірақ, осы аймақтағы мәселені соғыс арқылы шешу басты мәселе емес»». Айта кетейік, 13-ші сәуірде Ресей президенті Владимир Путин С-300 зымырандарын сатуға байланысты шектеуді алып тастау жайлы бұйрыққа қол қойды.

Барак Обама, АҚШ президенті:

Біздің қорғанысымызға жұмсалатын қаржының құны 600 миллиард долларды құрайды. Ал Иран болса қорғанысқа тек 17 миллиард доллар жұмсайды. Олар Ресейден зымырандар алған күннің өзінде біз үшін бұл кедергі емес.

Самат ҚАНАҒАТОВ