$525.11 €546.74 ₽4.88
×

Қарағанды облысының мыңға жуық тұрғыны өз үйлеріне әлі де қайта алмай жүр

AstanaTV
22.04.2015ж. 20:00
1389
Қарағанды облысының мыңға жуық тұрғыны өз үйлеріне әлі де қайта алмай жүр

Қарағанды облысының мыңға жуық тұрғыны өз үйлеріне әлі де қайта алмай жүр. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. Ведомство өкілінің дерегінше, тасқын су салдарынан республика бойынша 25 мың шақырымнан астам тас жол бүлінген. Бүгінде оның 16 мың шақырымы қайта қалпына келтірілді. Тасқында қалған үйлердің көп бөлігінде су деңгейі төмендеген.

Қазіргі таңда су басуы мүмкін аймақтарда құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етуде. Қауіпсіз жерге көшірілген 16 мың адамның 13 мыңнан астамы баспаналарына қайта оралған. Ал су тасқынынан ерекше зардап шеккен - Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин ауылының тұрғындары.

Руслан Иманқұлов,  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараттандыру бөлімінің бастығы:

Бұқар жырау ауданындағы Ғабиден Мұстафин ауылында су сору жұмыстары жалғасуда. Тамақтандыру орындары және медициналық орталықтар толассыз қызмет етіп жатыр. Су басқан үйлерден тұрғындардың жеке мүліктерін шығару ісі де жалғасуда. Бүгінгі таңда 893 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Жұрағат БАМАН 

Алдыңғы жаңалық