Орталық сайлау комиссиясы мәліметтерді
жедел жариялап отыр. Сайлаушылар белсенділігі туралы ақпарат да жиі жаңартылып
жатыр деп хабарлайды, біздің сайлау комиссиясындағы жұмыс барысын қадағалап
отырған тілшіміз Жұрағат Баман.
Жұрағат Баман, тілші:
Орталық сайлау комиссиясының
сағат 4-те берген ақпары бойынша сайлаушылардың 82 пайыздан астамы дауыс беріп
үлгерген. Ол уақытта Шығыс Қазақстан облысы 89 пайызбен алда келген, одан кейін
Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Бұл өңірлердегі сайлаушылардың 87
пайызы дауыс берген. Қазір мәліметтер өзгерді, орталық сайлау комиссиясына жаңа
ақпарат келіп түсті. Олармен бізді ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен таныстырады.
Ләззат Жаңылысқызы дәл қазір сайлаушылардың қанша пайызы дауыс берді?
Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық
сайлау комиссиясы мүшесі:
Қазір Орталық сайлау комиссиясы арнайы брифинг өткізіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев, ол кісі негізгі мәліметтерді айтатын болады. Енді мынау сағат алтыдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың 89 пайыздан астамы дауыс бергендігі жөнінде мәліметіміз бар. Оның ішінде мен, мынау Ақтөбе облысы бойынша 85 пайыз, Атырау облысы бойынша 93 пайызға тарта, Батыс Қазақстан облысы бойынша 90 пайыздан астам, Маңғыстау облысы бойынша 88- 89 пайызға тарта сайлаушылардың және мынау үлкен мегаполисіміз Алматы 73 пайыздан артық сайлаушылар дауыс берді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Әрине елордамыз 88 пайыздан арта дауыс беру туралы мәлімет беріп отыр.
Айта кетейін, сайлау учаскелері
енді сәлден соң, нақты айтқанда, жергілікті уақытпен сағат сегізде жабылады. Одан
кейін Сайлау комиссиялары мүшелері бюлеттендерді санауға кіріседі. Біздің арна
тілшілері бұл процессті де толық қадағалайды. Алдағы хабарларымызда сайлау
нәтижелері туралы тағы хабарлаймыз. Әзірге осы.
Айта кетейік,
бізбен қазір ғана Орталық сайлау комсиссиясынан тікелей байланыста әріптесім
Жұрағат Баман болды. Ол президенттік сайлау барысын күн бойында Сайлау
комиссиясының баспасөз орталығында қадағалады.
Жұрағат БАМАН