Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Exit-poll: Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97.5% даусын жинады

AstanaTV
27.04.2015ж. 13:00
937
 Exit-poll: Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97.5% даусын жинады

Айта кетейік, кезектен тыс өткен президенттік сайлаудың алдын-ала нәтижелері түнгі он екіде белгілі болды. Бірінші болып, өз қорытындысын,әдеттегідей Exit-poll жүргізген әлеуметтік зерттеушілер жариялады. Сонымен, Exit-poll  дерегіне сүйенсек, кезектен тыс президенттік сайлауда іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті. Сайлау учаскелері алдында  сауалнама жүргізген «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің  мәлімдемесіне сай. Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс берген. Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан сайлауға түскен Тұрғын Сыздықов 1,87 пайыз дауыс жинады. Ал өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновқа электораттың 0,63 пайызы дауыс берген.

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты да дауыс беру барысында жүргізілген тағы бір сауалнама қорытындысын кеше түнде жариялады. Оған сүйенсек, іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлауда  - 97,64 пайызға ие болды. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов - 1,59%, өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов - 0,77% дауыс жинады дейді әлеуметтік зерттеушілер.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА