$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Украина ұлттық банкі 2015 жылы ішкі жалпы өнімнің 7,5 пайызға қысқаратынын болжап отыр

AstanaTV
28.04.2015ж. 10:00
1232
Украина ұлттық банкі 2015 жылы ішкі жалпы өнімнің 7,5 пайызға қысқаратынын болжап отыр

Украина дефолттың алдында тұр. Елдегі ұлттық банк 2015 жылы ішкі жалпы өнімнің 7,5 пайызға қысқаратынын болжап отыр. Ұлттық валюта бір жылда үш есеге дейін құнсызданды. Бұл туралы РИА новости жазады. Агенттіктің хабарлауынша, Украинада жұмыссыздар саны арта түскен. Елдің Қаржы министрлігі 2015 жылы қаңтарда орташа жалақы 3455 гривнаны құрағанын хабарлады. Ол шамамен 160 доллар. Бұл Еуропадағы ең төменгі көрсеткіш. Жыл басында Премьер министр Арсений Яценюк  аяқтан тік тұрып кеткенше ел экономикасын қиындық күтіп тұрғанын айтқан. Сауалнама кезінде тұрғындардың 70 пайызы өз өміріне разы еместігін білдірді. Олар Үкіметтің ұстанған бағыты дұрыс емес деп есептейді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА