Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды облысына Тараздан гуманитарлық көмек жіберілді

AstanaTV
28.04.2015ж. 10:00
1427
Қарағанды облысына Тараздан гуманитарлық көмек жіберілді

Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге Жамбыл облысының өндірістік кәсіпорындары 10 бірдей вагонға тиелген гуманитарлық көмек жіберді.  Тараздық «Жамбыл Гипс» акционерлік қоғамы 2 вагон гипс жане гипсакартон жіберіп жомарттық танытты. Өз кезегінде  аудан кәсіпорындары да көмек көрсетуден шет қалмады.

Атап айтқанда, Мойынқұм ауданы «Мыңарал Тас» серіктестігі 3 вагон, тағы бір кәсіпорын 5 вагон цемент жөнелтті. Бұл Қарағанды облысындағы ауылдарда жүргізіліп жатқан құрылысқа жұмсалады.  Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті осыған дейін де азық-түлік, жылы-киімдер мен жамылғылар жөнелтіп, қолын ұшын созды. Қарағандылықтарға өзге де аймақтардан әр-түрлі гуманитарлық көмек көздері тартылуда.

Алмас Мадиев, Жамбыл облыстық кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық басқармасының басшысы:

Бірігіп көтерген жүк ауыр болмайды дейді жұрт. Барлығы құрылыс бөлшектері 630 тонна көлемде артып жатырмыз. Маңызды істен Жамбыл облысы әкімдігі басқармасының ұжымдары да тысқары қалмай, бір күндік еңбек жалақысын көмек көрсету қорына аудару туралы шешім қабылдап, қолдан келген көмегін аямай жатыр.


Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ